16 аурухана салынады
16 аурухана салынады
139
оқылды
­Заман ағымына сай ес­кірген ауруханалар бұзы­лы­п, жаңадан басқа ем қа­былдау орындары са­лы­на­ды. 2025 жылға дейін 16 ау­рухана салу жоспар­ланған. Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің өкілдері 2025 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда салынады деп жос­пар­ланған халықаралық деңгейдегі 16 жаңа көпсалалы аурухананының сызбасын көрсетті. «Ескірген 40 нысанның орны­на 16 көпсалалы аурухана (об­лыстық көпсалалы ауруханалар, қалалық көпсалалы ауруханалар және университеттік клиникалар) салынады. Республика бойынша аурухана инфрақұрылымын жаңарту жоспарланып отыр», – дейді Денсаулық сақтау министр­лігінің өкілдері. Құрылыс жұмыстарының 2025 жылға дейін аяқталатыны ай­тылады. «Әр стационарда нау­қас­тарды емдеп, олардың диагнозын анықтау мақсатында заманауи корпус салынады. Ол бірінші кезекте медициналық қызмет­керлердің қауіпсіздігі үшін», – дейді ведомство мәліметінде.