Төтенше жағдайға байланысты бұдан былай ұшаққа отыру үшін жолаушылардың арнайы анықтама қағазы болуы тиіс,
Коронавирус бар-жоқтығын анықтайтын тест нәтижесі 24 сағат ішінде дайын болады.
Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмектер мен медициналық құрылғыларды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев коронавирус инфекциясына тест тапсырып, ұшаққа отыру үшін анықтаманы қай жерден алуға болатынын айтты.
«Инфекцияға тексерілу үшін біздегі зертханалардың біріне хабарласуыңыз керек. Бүгінгі таңда бізде ұлттық сараптама орталығының зертханасы, Алматы қаласындағы ұлттық денсаулық сақтау орталығының зертханасы, Алматыдағы Medical Partners Korea зертханасы және осы жобаға қатысатын екі үлкен Olympus және Invivо желілік зертханалары бар. Тесттің құны әр жерде әртүрлі: бір ПТР зерттеуінің бағасы 9-10 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін», – деді Нұртаев.
Оның айтуынша, жолаушыларға арналған тест нәтижелерінің жарамдылығы – 7 күн. Менің білуімше, экипаж мүшелері үшін ол екі аптаға, тіпті одан да көп уақытқа жарамды.
Бұған дейін 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшақтар ұша бастайтынын хабарлайтын едік. Жолаушы ұшаққа отыру үшін жолаушының қолында теріс нәтижесі бар COVID-19 тесті туралы анықтама болуы керек.