Бүгінгі сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Алматыда коронавирус дертін жұқтырудың расталған 919 жағдайы тіркелді.
Кешегі күні 43 жаңа жағдай анықталды. Олардың барлығы вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар қатарынан.
Байланысқандардың ішінен ең үлкені – 1944 жылғы зейнеткер, ең жасы кішісі – 2 жаста.
Алматыда коронавирустық инфекциядан тағы 6 пациент сауығып емдеуден шығарылды.
Қазіргі уақытта мегаполисте жазылып, емдеуден шығарылғандар саны – 102 адам.
Біріншісі, 30 наурызда Ыстамбұл – Куала-Лумпур – Алматы рейсімен ұшып келген 24 жасар қыз. Ұшып келген соң стационарға карантинге орналастырылды, бірінші тесті теріс нәтиже көрсетіп, 10 сәуірдегісі оң нәтиже көрсеткен. Емдеу 18 күн ішінде жеңіл түрде өтті.
Екіншісі, 16 наурызда круиз лайнерімен келген 1953 жылы туған әйел. Келген соң карантинде болды, бірінші тесті теріс нәтиже көрсетті, кезекті тесті 28 наурыз күні оң нәтиже көрсеткен.
Пациенттің сырқаты ауыр түрде өтті. Диагнозы: Екі жақты полисегментарлы пневмониямен Covid-19 вирусы. Бүгінгі күні пациент өзін жақсы сезінеді. Соңғы рет жасалған рентгенінде пневмония табылмаған. Емдеу 31 күнге созылды.
Үшіншісі, №11 Қалалық емхананың 38 жастағы медицина қызметкері. Аурудың жеңіл түрімен емдеуде 17 күн болған.
Төртіншісі, 26 наурызда Мәскеуден ұшып келген 1963 жылы туған әйел. Келген соң стационарға карантинге орналастырылды. 27 наурыздағы тесті оң нәтиже көрсетті. Емделуде 32 күн болды, жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды, сол жақты төменгі үлестік бронх пневмониясы болған.
Бесіншісі, 1984 жылы туған, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасынан ауыстырылған әйел. Алматы облысының тұрғыны. Сырқаты ауыр түрде өтті. Екі жақты полисегментарлы пневмониясы болған. Емі 32 күнге созылды.
Алтыншысы, бұл 11 сәуірде емдеуге келіп түскен, жүктіліктің 6 аптасындағы 33 жасар әйел.
Инкубациялық кезең 1-ден 14 күнге дейін ауытқитындығын естеріңізге саламыз. Сондықтан, осы уақыт ішінде Covid-19 вирусы анықталуы мүмкін.
Барлық емдеуден жазылып шығарылған науқастар 14 күндік үй карантинінде болады.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда коронавирустық инфекциядан 809 пациент емделуде.
Олардың үшеуінің жай-күйі – аса ауыр, 26 адамда – ауыр, 228 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандары қанағаттанарлық деп бағалануда.
Үш пациент тыныс алу жетіспеушілігіне байланысты ӨЖЖ аппаратында, олардың екеуі аса ауыр және біреуі ауыр халде.
Провизорлық госпитальдарда 426 адам жатыр, оның ішінде15-і бала, карантиндік оқшаулауда 304 адам, үй карантинінде 11694 азамат бар.