Бір айдан аса жәрдемақы алмаған жұмыссыздар маскаға ақша таппай отыр
Бір айдан аса жәрдемақы алмаған жұмыссыздар маскаға ақша таппай отыр
Фото: Интернеттен алынды
316
оқылды
Нью-Йорк тұрғындары коронавирус пандемиясы кезінде мемлекеттен төленетін жәрдемақыны алу қиын екеніне шағымданып жатыр, – деп жазады inforeactor.ru. Дереккөздің жазуынша, штатта карантин енгізілгелі айдан асты. Наурыз айынан бері төленіп жатқан жәрдемақыны жұмыссыздар әлі алмаған. Тіпті, 8 сағат бойы үздіксіз телефон соғып, жәрдемақы төлемі туралы хабар алмақ болғандар да жауапты орындардан нақты мәлімет алмаған. Жүйкесі жұқарған ел карантин мерзімі аяқталған соң, әлеуметтік салаға жауапты саланың қызметкерлерін заң бойынша жазалауға бекініп отыр. Әзірге штатта карантин мерзімі 15 мамырда аяқталатыны ғана белгілі. Сондай-ақ штаттың барлық тұрғыны пандемияға байланысты маска тағуға міндетті. Қоғамдық орындарда, оның ішінде, автобус, дүкен, дәріханаларда маскасыз жүруге болмайды. Карантинде отырғандардың төзімі таусылса да, талап бойынша карантин мерзімі өзге штаттарға қарағанда ең соңында ашылатын сыңайлы. Жұмыссыз қалған адамдар бұрынғыдай қалыпты өмірге оралғысы келеді. Алайда жергілікті билік халық үшін шұғыл шешімдер қабылдамаса, жағдайдың одан әрі ушықпасына кепілдік жоқ.