Газдандыру проблемасын Алматыға барып тексеремін – Тоқаев
Газдандыру проблемасын Алматыға барып тексеремін – Тоқаев
Фото: Интернеттен алынды
210
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа аумақты газдандыру деңгейін тексеретінін айтты, ­– деп жазады Tengrinews.kz.
«Стратегиялық тұрғыда маңызды, белсенді, нәтижелі жұмыс жүріп жатыр. Көріп отырмыз. Сұрағым бар – газдандыру. Мендегі бар мәлімет бойынша бүгінде 470 елдімекеннің 30 процентіне ғана газ берілген. Проблема неде?», – деді Президент Амандық Баталовқа.
Әкім қызметке кіріскен кезде газдандыру деңгейі 9-11 процент көлемінде ғана болғанын айтты.
«Алматыдан Талдықорғанға дейінгі 254 шақырымды қамтитын магистраль газ құбыры тоқтап қалған еді, Үкіметтің көмегімен оны аяқтадық. Кейін өз қажаратымызға Текеліге дейін магистраль газ құбырын жүргіздік. Қазір Талдықорғаннан Үшаралға қарай жұмыс істеп жатырмыз, жолай екі ауданды да қамтимыз. Егер газы бар елді мекендердің санын есептейтін болсақ, биыл 1,4 миллион адамға газ жеткіземіз. Бұл дегеніміз, облыс тұрғындарының 56 пайызы газбен қамтамасыз етіледі», – деді әкім. 
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жылдың екінші жартысында облысқа ісспармен барып, тексеремін», ­– деді.