Ертіс айдынына серуендеуге арналған кемелер шығады
Ертіс айдынына серуендеуге арналған кемелер шығады
© kmtf.kz
185
оқылды
Биыл Өскемендегі Ертіс өзенінің айдынына серуендеуге арналған үш кеме шығуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс. Жоба облыстық туризм басқармасының келісімімен жүзеге аспақ. Шағын кемелер Өзен вокзалынан айдынға шығады деп жоспарлануда. "Белалекс" және "Вояж" туристік фирмалары маршрутты тек экскурсиялық бағытта ғана емес, "Самал" табиғи-спорттық паркімен байланыс мақсатында жасауды ұсынады. Мамандар осылайша өзен трамвайларына сұраныс арта түседі дейді.
– Бірақ "Самалда" айлақ жоқ. Яғни кемелер барып тоқтай алмайды, – дейді "Белалекс" фирмасының директоры Олег Белов.
Өскемен қаласының әкімі бұл мәселені жақын арада шешудің жолдарын қарастырып көруге келісті.
– Егер серуендеушілер көп болса, біз айлақ жасаймыз. Айналма жол жасайық. Мен кемелерді байқап көрейін, бір рет серуендеп қайтайық. Содан кейін бұл мәселені шешеміз, – деді Жақсылық Омар.