Елеусіз қалмаған ерлік
Елеусіз қалмаған ерлік
©Сурет интернеттен алынды
370
оқылды
Бас аға сержант Владимир Нуранов әскерге 22 жасында шақырылған. Бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының азаматы соғыстағы батылдығына «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 1924 жылы дүниеге келген ол, 51-гвардиялық атқыштар дивизиясы 156-гвардиялық атқыштар полкінің танк қару-жарағын реттеушісі болды. [caption id="attachment_38176" align="alignleft" width="496"]соғыс © Сурет интернеттен алынды[/caption] 1944 жылдың 26 маусымдағы шайқаста Владимир Нуранов  ерлігімен көзге түскен. Сол кезде олардың взводы Двина өзенінің батыс жағалауында болатын. Ол өзен Витеб облысы Бешенков ауданының маңында еді. Жан-жақтан жарылып жатқан гранаталар, атысып жатқан сарбаздар, қарша борап жатқан шабуылға қарамастан Владимирдің өзі қайық жасап шыққан. Соның көмегімен әскер бүкіл қару-жарақ пен оқ-дәрінің қорын Двина өзенінің сол жағалауына өткізе алған. Олар сол жақта орналасқан плацдармды басып алу мақсатында барған. Діттеген  мақсатты орындаған біздің жігіттер қарсыластың бір емес, бес рет жасаған шабуылына тойтарыс берген. Олардың 2 станкілі пулеметін, бронетранспартер мен бронекөлікті иелік еткен.