[caption id="attachment_39978" align="alignleft" width="520"] © Сурет интернеттен алынды[/caption] Ал соның ішінде Камал Рахметқалиев Совет Одағының батыры әрі «Даңқ» орденінің толық иегері болуға шақ қалған. Ол 1900 жылы Бақсай ауданында дүниеге келген. Қызыл Армияға 1942 жылдың 1 тамызында Гурьев аудандық әскери комиссариатынан шақырылған. Ұлы Отан соғысында 134-атқыштар дивизиясының 738-атқыштар полк құрамында атқыш, санитарлық нұсқаушы болған. Аға сержант Камал Рахметқалиев Камал Рахметқалиев соғыстағы 10 ай ішінде 4 орден, 1 медальмен марапатталған.Негізі барлығы 11 адам. Атап айтсақ, Дүйсенғали Әжіғалиев, Сәді Дүйсенбеков, Рахметолла Қараманов, Қаракүш Өмірзақов, Жамиль Жұмашев, Адай Есенғалиев, Камал Рахметқалиев, Андрей Григорьев, Анатолий Муравьев, Анатолий Севрюгин және Өмірәлиев Ғапу.
Айтар болсақ, «Жауынгерлік Қызыл Ту», 1-дәрежелі «Отан соғысы», екі рет 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалін иеленген. Тіпті майдангер Совет Одағының батыры атағына ұсынылған болатын.