Астанада автокөлік дезинфекция жасап жүрген КамАзға соғылды
Астанада автокөлік дезинфекция жасап жүрген КамАзға соғылды
© Сурет ғаламтордан
220
оқылды
Нұр-Сұлтанда «Toyota Carina» маркалы көлік дезинфекция жасап жүрген КамАзға соғылды. «Toyota Carina» маркалы автокөлік жүргізуші Қошқарбаев көшесі жақтан Әл-Фараби көшесіне қарай бағыт алған кезде рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Артынша қарсы бағытта келе жатқан әскери «КамАЗ» көлігіне соқтығысқан. Жүк көлігі көшеде дезинфекция жұмыстарын жүргізіп келе жатқан», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Carina» көлігінің жүргізушісі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.