«Сол баяғы тұмау ғой...» – коронавирустың бар екеніне адамдар неге сенбейді?
«Сол баяғы тұмау ғой...» – коронавирустың бар екеніне адамдар неге сенбейді?
Фото: Интернеттен алынды
281
оқылды
Әлемді жайлаған пандемияның қарқыны әлі қайтпады. Бірақ сол коронавирусты шын мәнінде, бар не жоқ ауру екеніне күмәнмен қарайтындар әлі бар. Айталық, Еуропа елдері індетке немқұрайды қарап, науқастар саны күрт көбейіп кетті, – деп хабарлайды 24.kz. Қазір еуропалықтар вирустың таралуын тежеуге қауқарсыз. Қазақстандықтар да бұл инфекцияға бейқамдық танытып, жалған ақпараттар таратуда. Мамандар мұның түрлі себебі бар дейді.
Медицина ғылымдарының докторы Жұмабек Бекенов: «Халықтың арасындағы бір алыпқашпа әңгімелерге сенгендегі басты себеп – Қазақстандағы таралып жатқан вирус 90-95% жеңіл түрінде өтіп отыр. Бірақ ауыр түрлері де бар. Ауру міндетті түрде барлық адамға жұғады. Бай не кедей қарамайды. Бізде бейқамдық қой», – дейді.
Қала тұрғындары бұл инфекцияның қаншалықты қауіпті екенін түсіне ме, жоқ әлде айыппұл төлемеу үшін ғана карантин талаптарын сақтап жүр ме?
«Карантинге сенбеймін, бәрі өтірік деп ойлаймын. 2017 жылы қазанда 3 мың адам тұмаумен ауырды сол баяғы тұмау ғой» десе, екіншісі «Мұны жай ғана тұмау деп ойлаймын. Сол қанша шу. Мен онша сенбеймін негізі» деп жауап берген.
Қазақстанда төтенше жағдай мерзімі 11 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр.