Сенат ардагерлердің мәртебесін айқындайтын заң жобасын бекітті
Сенат ардагерлердің мәртебесін айқындайтын заң жобасын бекітті
Фото: Интернеттен алынды
399
оқылды
Сенат отырысында «Ардагерлер туралы» заң жобасы қабылданды. Жаңа заң аясында Отан үшін ерлік жасаған ардагерлерге жағдай жасаудың ауқымы кеңейеді. Әскери іс-қимылдарға қатысқан жауыгерлер мен қатар соғыс ардагерлеріне көрсетілетін жеңілдіктер қоса қамтылған. Заң аясында Ауғанстан және басқа елдердегі ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерді басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрысқа қатысқан ардагерлердің санатын кеңейту, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыльдағы апат салдарын жоюға қатысушылардың мәртебесі айшықталды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер жасау шеңбері айқындалды. Ал өзге елдің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылға қатысқан ардагерлері санатына Ауған жауынгерлерінен басқа 1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде тәжік-ауған шекарасында ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейту, 1968 жылы Чехословакиядағы жанжалды реттеу, Таулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан адамдарды, сондай-ақ Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқандардың мәртебесі нақтыланды. Жаңадан енгізілетін санат үшін 4,8 АЕК мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы белгіленеді. Жәрдемақыдан басқа, аталған адамдарға Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер үшін, оның ішінде тұрғын үйге кезекке қою, салық төлеу, тегін медициналық қызмет көрсету, санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету және т.б. бойынша қолданыстағы барлық құқықтар мен кепілдіктер берілмек. Сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2,13 АЕК-тен 4,8 АЕК-ке дейін артатын болды. Бұдан бөлек «Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық Қаһарманы» атағына ие болған адамдарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі ұлғайды.