Төрт жасар қызды аяусыз ұрып-соққан спортшы тұтқындалды - видео
Төрт жасар қызды аяусыз ұрып-соққан спортшы тұтқындалды - видео
Фото: Дереккөзден алынды
244
оқылды
Нұр-Сұлтанда ер адам төрт жасар қызды аяусыз ұрып-соққан. Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, оқиға бір апта бұрын болған. Қызды оның анасы Викторияның сүйіктісі – 46 жастағы спортшының ұрып-соққаны анықталды. Сүйіктісі әйелге ерекше қамқорлық танытып, әйелдің сеніміне кірген. Кейіннен әйелге қызымен таныстыруын өтінген. Ер адамның айтуынша, қыз өзі баспалдақтан құлап кеткен. «Ол құлап кеткен жоқ. Баланың өзі оның таяқпен, қолмен ұрғанын айтып берді. Бұл сұмдықты көргенде сене алмадым. Ол аздай полиция қызымды «мен ұрды» деп өзімді кінәлай бастады», – дейді қыздың анасы Виктория. Осы оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басқармасының басшысы Госман Жакин: «Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс материалдары сотқа шешім қабылдану үшін жолданды», – деді. https://youtu.be/9o3Z65tfMGI