Ауыз судан құрт шықты
Ауыз судан құрт шықты
© сурет интернеттен алынды
247
оқылды
Қостанай қаласының тұрғыны су алатын бағанға барып, орын алған жағдайды видеоға түсірген. Енесі мен келіні шелегіне толтырған судың ішіндегі құрттарды көріп, жағасын ұстаған, - деп хабарлайды Қостанай жаңалықтары. Ирина Щигреева бағаннан алған судың ішінде құрттардың жүргенін байқап, жағдайды жанында тұрған келіні видеоға түсіріп алады. "Достық көшесіндегі №14 балабақшаның жанында 1962 жылдан бері тұрып келе жатырмын. Мұндайды өмірімде алғаш көруім. Жақын тұрған бағаннан су ала беретінбіз, оның үстіне су мөлдір таза болатын. Ал енді, міне, көріп тұрсыздар", – дейді Ирина Ивановна. Тұрғын бір күн бұрын кешкісін үйге шелекпен әкелген судан белгісіз затты байқаған, алайда аса мән бермеген екен. Бәлкім шелекте бірдеңе болған шығар деп ойлап, төгіп тастаған. Келесі күні қолдарына жаңа шелек ұстаған енесі мен келіні суға бірге барып, мәселе суда екеніне көз жеткізген. Тұрғындардың шағымына қала әкімдігі жауап берді. "2011 жылы Достық көшесінде жаңа су құбыры орнатылған. "Қостанай жаңалықтары" сайтында жарияланған видео Достық көшесі, 19-үй мекенжайы бойынша түсірілген. Бұл көшенің бойында тағы екі су бағаны бар. Қазіргі уақытта "Қостанай Су" және Санитарлық эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері судың сынамасын алып жатыр. Осы су бағандарынан су алатын тұрғындарға сауалнама жүргізілуде. https://www.youtube.com/watch?v=ykM92xI2zOo&feature=emb_logo