1934-1937 жылдары Алматы қаласындағы қазақ кавалериялық полкта әскер қатарында отан алдындағы борышын өтеді. Онда кіші курсант дәрежесінен взвод командирі дәрежесіне дейін көтерілген.1937 жылдың қазан айында әскер қатарындағы борышын өтеп болып, Жамбыл қаласындағы №49 жылқы зауытына директор қызметіне келді. Бұл қызметті 1941 жылы майданға шақырылғанға дейін атқарған.1942 жылы «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен мараптталған. Ол ұрыс алаңында жаяу әскердің жоқтығына қарамастан, шабуылға шығып, 12 танкіні құлатып салған.