Зияткерлік мектеп оқушысы Fordham University грантын жеңіп алды
Зияткерлік мектеп оқушысы Fordham University грантын жеңіп алды
© Сурет Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінен
314
оқылды
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12L сынып оқушысы Нұржан Исабаев Fordham University-дің (Нью Йорк, АҚШ) грант иегері атанды. Сондай-ақ, мектеп бітірушіге Drexel University-ден де (Пенсильвания, АҚШ) шақырту келген. Нұржанның жетістіктері біршама. Ауқымдылар қатарына Нью-Йорктің ең биік көпқабатты ғимараты - 1 Дүниежүзілік сауда орталығында (One World Trade Center) өткен тағылымдамасын жатқызады. Қазір түлек ұялы қосымша әзірлеумен айналысып жатыр. Авторлық жобасын отандық нарыққа шығару ойында бар. Айтуынша, бұл қосымша адамдардың басты ресурстары - уақыт пен ақшасын сақтап қалуға бағытталған.
Өзінің жолы һәм таңдауы туралы айта отырып, Нұржан әйгілі Марк Твеннің сөзін келтіреді: "Біздің өмірімізде ең бақытты екі күн ғана бар: біріншісі – дүниеге келген күніміз, екіншісі – не үшін келгенімізді ұққан күн". "Мен өз бағытымды таптым: бұл әлемге құндылық сыйлап, адамзат тарихын жаңа жолдан жазуды қолға алу!"- дейді түлек.