Қамқоршылық органы 4 жастағы қызды 46 жастағы спортшының аяусыз ұрып-соғуына қатысты мәселені бақылауға алды.
"Қамқоршылық және қорғаншылық органы ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, 4 жасар қызды ер адамның аяусыз ұрып-соғу фактісі бойынша істің мән-жайын зерттеді, нәтижесінде балаға психологиялық көмек ұсынылды, материал Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына дайындалып жатыр. Анасының танысына қатысты қылмыстық іс қозғалды, қазіргі кезде тергеу изоляторына қамалған", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасындағылар.
Қазір 4 жастағы қыз анасымен бірге балалар қонақ үйіне орналастырылған.
"Қамқоршылық және қорғаншылық органы "Право" ҚҚ-мен бірлесіп, отбасына одан әрі көмек көрсетілуде. Қазір бала анасымен "Право" ҚҚ жанындағы балалар қонақ үйіне орналастырылды, психологиялық және медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда ер адам төрт жасар қызды аяусыз ұрып-соққаны хабарланған.
Бұл оқиға бір апта бұрын болған. Қызды оның анасы Викторияның сүйіктісі - 46 жастағы спортшының ұрып-соққаны анықталды. Ер адам кінәсін мойындамай, қыздың өзі құлап кеткенін мәлімдеген.