Финал алдындағы ерегес: «Челсиде» қандай түсініспеушілік болып жатыр?
Финал алдындағы ерегес: «Челсиде» қандай түсініспеушілік болып жатыр?
227
оқылды

Игуаин «Челсиге» биыл «Миланнан» ауысып келді

Бүгін Бакуде Еуропа лигасының финалы өтіп, ағылшындық «Челси» мен «Арсенал» клубтары Еуропадағы екінші деңгейлі турнирдің (Чемпиондар лигасынан кейінгі) кубогына таласады.

Алайда лондондық командадағы ауызбіршілікті жоғары дәрежеде деп бағалауға келмейтін секілді. Кеше өткен ашық жаттығу рәсімінде клубтың шабуылшысы Гонсало Игуаин мен қорғаушы Давид Луиз сөзге келіп қалған.

Бразилиялық өзіне аяғын қаттырақ тосқан шабуылшыға реніш білдірген. Игуаиннің одан кешірім сұрағанына қарамастан Давид Луиз ренжігенін тоқтатпайды. Артынша екі футболшы бір-бірімен ренішті келбетте сөйлесіп үлгереді.

Кейінірек кадрдан бас бапкер Маурицио Сарридің қатты ашуланып, бас киімін шешіп алып лақтырып, кейінірек оны (бас киімін) екі рет теуіп жібергенін байқауға болады. Алайда клубтың баспасөз қызметі бас бапкердің Игуаин мен Луиздің тәртібіне емес, команданың дұрыс жаттығу өткізбегеніне ренжігенін мәлімдеген.


https://youtu.be/DGhm6aE23rE

Игуаин «Челсиге» биыл «Миланнан» ауысып келді. Келгелі бері төрт айда небәрі бес гол соқты. «Миланға» дейін туриндік «Ювентус» сапында өнер көрсеткен. Алайда командаға Роналдудың қосылуы Игуаиннің позициясын әлсіретіп, ақырында оны трансферге шығарған еді.