Футбол қауымдастығының президентіне қыз зорлады деген айып тағылды
Футбол қауымдастығының президентіне қыз зорлады деген айып тағылды
Фото: Интернеттен алынды
347
оқылды
Гаити футбол қауымдастығының президенті Ив Жан-Бартқа жас футболшы қыздарды зорлады деген айып тағылды. Мұндай оқиға соңғы бес жыл бойы қайталанып келген. Тengrinews.kz  жазуынша, англиялық The Guardian басылымы жас футболшыларды дайындау орталығына жақын адамдардың, зорлау құрбаны болған қыздар мен отбасының сөздерін жариялаған.  Куәгерлер мен құрбан болған қыздардың сөзінше, қауымдастық президентіне орталықтағы бір әйел көмектескен. Ол Жан-Барттың көзіне түскен қыздарды орталықтан қуыласың деп қорқытқан. Сөйтіп, командада қалғысы келсе, Ив Жан-Бартпен жеке сөйлесуге кеңес берген. Осы айла арқылы бірнеше қыз президенттің құрбаны болған. Зорлық салдарынан 17 жастағы футболшы қыздың аяғы ауыр болып, кейін қауымдастық президенті оны аборт жасауға итермелегені де хабарланған.  Ал 2000 жылдан бері жергілікі футбол федерациясын басқаратын Жан-Барт бұл айыптармен келіспейді.