Қорғалжын ауданында көлге батып кеткен адамның денесі табылды
Қорғалжын ауданында көлге батып кеткен адамның денесі табылды
© Сурет ғаламтордан
255
оқылды
Қорғалжын ауданында құтқарушылар Арықты ауылындағы көлге батып кеткен 1969 жылғы ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар ер адамның денесін көлден төрт күн бойы іздеген. Көл суының лай болуы іздестіру шарасына кедергі келтірген.
«Кеше сәуірдің 30-да ер адамның денесі табылды. Оның үстінде киімі болды. Сондықтан, мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Ер адаммен бірге балық аулау құралы болған жоқ және өзі де балық аулаумен айналыспаған», - дейді дейді Қорғалжын аудандық ТЖБ бастығы Алмас Әубәкіров.
Айта кетейік, сәуірдің 25-де құқық қорғау органдарына ер адамның жоғалғанын оның әйелі хабарлаған. Оны іздеу шараларына құтқарушылар, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, Көкшетаудан жедел-құтқару отрядының сүңгірулері шақырылды.