Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай «Елбасының мәлімдемесі» деген атаумен тарап жатқан видео жалған екенін айтты.
«Елбасының мәлімдемесі» деген атаумен тарап жатқан видео жалған деп айтқым келеді. Жалған мәлімет таратушылар жауапкершілікке тартылады. Осындай ақпараттардан сақтануға және оларды ресми дереккөздерден тексеруге шақырамын», – деп жазды Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.