Жамбылдықтар Түркістан облысына гуманитарлық көмек жіберді  
Жамбылдықтар Түркістан облысына гуманитарлық көмек жіберді   
Фото: Интернеттен алынды
220
оқылды
«Алыстағы туыстан жақындағы көрші артық» дейді қазақ даналығы.  Расында «көрші ақысы қиын» деп білген қазақ қай кезде де көршісіне көмек қолын созып, қуанышы мен қиындығын да  қатар бөліскен. Түркістан облысында су астында қалған ауылдарға Жамбыл облысы да ағайындық білдіріп, гуманитарлық көмек жіберді.     Бүгін азық-түлік және алғашқы кезектегі қажеттілігі бар тауарлар тиелген жүк көліктері көрші өңірге аттанып кетті.  width=
–Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 30 тонна азық-түлік өнімдері жиналды. Оның ішінде 10 тонна ұн мен күріш, 5 тонна қант, 2 тонна макарон және өсімдік майы, 1 тонна қарақұмық бар. Сонымен қатар  қиын жағдайға тап болған адамдарға  арналған гуманитарлық көмекке 10 мыңға жуық тауарлар, атап айтсақ аяқкиім, жейде, шалбар, балалар киімдері, төсек-орын жабдықтары мен  басқа да заттар жиналды, – дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров.
Иә, қиын сәтте қол ұшын созу – қайырымды іс. Осы орайда жергілікті биліктің жәрдемін бас бармақпен бағалауға тұрарлық.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ, Жамбыл облысы