Мақтаарал ауданында суға ағып бара жатқан Қазақстан туын алып шыққан полицей әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Оқиға су басқан Фердоуси ауылында болған. Жетісай аудандық полиция басқармасының офицері Есімжан Нәдіров судан көк Туды алып шықты.
https://www.youtube.com/watch?v=GOc-c4LZNpk
Жаңа мектептің алдында Қазақстан туының су ішінде жатқанын көрген Жетісай аудандық полиция басқармасының офицері Есімжан Нәдіров суға түсіп, Туды алып шықты. Осы көріністі жергілікті халық ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан.