Түлектерге ақ жол тіледі
Түлектерге ақ жол тіледі
181
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті осы­ған дейінгі төрт рәсімде еліміздің же­тек­ші ғылым ордасынан жалпы алғанда, 2600-ден астам студент түлеп ұшқанын еске салды.

– Университет түлектері – елімізде ға­на емес, сондай-ақ шетелде де сұра­ныс­қа ие болып отырған бәсекеге қабілетті ма­мандар. Бүгін осы жоғары оқу орнын бі­тіруші жаңа 963 түлектің 565-і бака­лав­риат бағдарламасы, тағы 378-і – магистра­тура, ал 20-сы докторантура бағдарламасы бойынша білім алды. Бакалавр-тү­лек­тер­дің 40 пайыздан астамы әлемнің үздік уни­верситеттерінен шақыру алып, оқуын жал­ғастыруға ұйғарды, – деді Н.Назарбаев.

Ол университеттің жоғары білікті кадрлары Қазақстанның технологиялық дамуына елеулі үлес қосып отырғанын айт­ты.

– 2019 жыл Жастар жылы болып жа­рияланды. Жастардың білім алуы – елі­міздің қазіргі заманғы әлемдегі бәсекеге қа­білеттілігінің басты факторы. Қазақ­стан­ның болашағы сіздерге, сіздердің бі­лім­деріңізге, күш-қуаттарыңыз бен пат­риоттық сезімдеріңізге байланысты. Сіз­дер өз әлеуеттеріңіз мен мүмкін­дік­те­ріңізді толық іске асыра алуларыңыз үшін біз барлық жағдайды жасап отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның байламынша, NU яғни, «Назар­баев университеті» бренді әлемдік академиялық ортада ғана емес, сонымен қа­тар мемлекеттік басқару, бизнес, ме­ди­цина, инновация, ІТ технологиялар са­ла­ларында кеңінен танымал болды.

Университеттің оқытушы-профес­сор­лары және ғылыми қызметкерлері құра­мы әлемнің 53 елінен келген 477 адам­нан тұрады. Оның 26 пайызы – ұлт­тық кадрлар. Олардың көбі – 10 елден, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Ка­нада, Грекия, Италия, Оңтүстік Корея, Ре­сей, Аустралия, Түркия және Үндістан­нан шақырылған.

Осы күні Елбасы «Назарбаев универ­ситетінің» жаңа Атлетикалық орталығын ашып берді. Қа­зақстанның Тұңғыш Пре­зиденті ғылым ордасының көпфунк­цио­налды жаңа спорт ғимаратын аралады. NU Атлетикалық орталығында спортпен шұғыл­дануға қажетті барлық инф­ра­құры­лым, оның ішінде олимпиадалық бас­сейн, 660 көрерменге арналған арена, тре­нажер және жекпе-жек залдары бар. Бұл нысан спорт индустриясының озық тех­нология­ларымен жабдықталған.