Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды, - деп жазады akorda.kz.
Бұған дейін Мемлекет Басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған болатын.
Аида Балаева Ғалымқызы 1974 жылы дүниеге келді.
Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік унитверситетін «Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қызметін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Аталған министрлік жүйесінде 2004 жылға дейін жетекші ма-маннан бастап Алматы қаласының Ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушысына дейін түрлі қызметтер атқарған.
2004 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаменті бастығы директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2006 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің директоры болып ауысты.
2008 жылдың 16 сәуірінен бастап Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры, кейін басқарма бастығы болып жұмыс істейді.
2010 жылы Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
«Құрмет» орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.