Білім қызметкерлерімен кездесті
Білім қызметкерлерімен кездесті
5,303
оқылды

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы, президенттікке үміткер Амангелді Таспиxовтың сенімді өкілі Тарбия Байымбетова Мұнайлы ауданының білім беру ұйымдарының директорлары, іс-жүргізуші кадр мамандары, есепшілері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен кездесті.

Кездесуде кандидат А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен және үгіт-насихат материалдарымен та­ныстырды.

Ал Қызылорда облысының Қазалы аудандық оқушылар үйі қызметкерлері­мен кездескен сенімді өкіл, облыстық ауылшаруашылық салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Берік Бисембаев Аманкелді Таспиховтың өмірбаяны мен тұғырнамасын таныс­тырып өтті. Кәсіподақтар кандидат тұғырнамасындағы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру, еңбек қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейту, жастардың сапалы және тегін білім алуы мәселелерін талқылады.

А.Таспиховтың Қызылорда облысы бойынша өңірлік штабының басшысы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов «АралГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорында 169 адам еңбек етеді. Кездесуде С.Сермағамбетов ұжымды кәсіподақтар ұсынған кан­дидаттың тұғырнамасымен таныс­тырды. Тұғырнамадағы еңбек қаты­настары бойынша қойылған талап­тарды жұмыскерлер дұрыс көтерілген деп санайтынын айтып, кандидаттың сайлауалды тұғырнамасына қолдау білдірді.


Айдана БЕГІМ