Ниазбай Үтүрбаев Ұлы Отан соғысына қатысып, шайқаста батылдық танытқаны үшін ІІІ дәрежелі «Даңқ», «Қызыл жұлдыз» және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. 1921 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген ол, 20 жасында әскерге шақырылды. Сөйтіп, әскерде 180-атқыштар Қызыл Ту полкінің құрамына түсті.
1945 жылдың 16 сәуірде әскеріміз Алып-Одер өзенін басып өтуі керек еді. Сол кезде Ниазбай Үтүрбаев қарсыластың жасырынған минометті батареяны байқап қалады. Жау тобын құрту арқылы ол атқыштар тобымыздың өзенді басып, алға жылжуға мүмкіндік берді.
Шайқас барысында Нойхарденберг ауылын басып өткенде немістің үш отты орнын жойды. Міне, солар әскеріміздің жылжуына үлкен кедергі келтірген. Одер өзенінен Берлинге дейінгі шайқаста Ниазбай Үтүрбаев немістің 5 минометтік батареясы және 4 пулеметтік орнын жойып салды.