1916 жылы бұрынғы Гурьев облысы Жылыой ауданында дүниеге келген Қаракүш Өмірзақов әскерге 1942 жылы шақырылды. Ол әскерде 3-гвардиялық әуе десанты дивизиясының 8-гвардиялық әуе десанты полк құрамында взвод командирінің көмекшісі болды.
Жау біздің әскерге Корчма елді мекенінде аяқасты шабуылдайды. Бұл 1945 жылдың 14 наурызы болатын. Үш күн, үш түнге созылған шайқаста әскеріміз жеңіске жетті.
Ұрыс барысында пулеметші жігіт қаза болады. Сол кезде Қаракүш Өмірзақов әлгі сарбазға еңбектеп барып, оның пулеметімен тағы 6 немістің көзін жойып, қалғанын састырып жібереді. Сөйтіп, шаудың шабуылы бір сәтке тоқтатылады. Бірақ бұған бой бермеген жау 4 танк пен 3 бронетранспартердің ығына жаяу әскері тығылып, біздің взводтқа шабуылдайды. Сонда Қаракүш Өмірзақ автоматымен жаудың жаяу әскерін шет-шетінен қырып тастайды.
Гвардиялық сержантқа Совет Одағының батыры атағына ұсынылған, бірақ оған берілмеді. Соғыстағы көрсеткен ерлігі үшін «Жауынгерлік Қызыл Ту» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталады.