Қазақ шығармалары арабшаға аударылады
Қазақ шығармалары арабшаға аударылады
248
оқылды

Бұл жөнінде аталған ұйымның Каир қаласындағы ғылыми-мәдени жобаларының үйлестірушісі болған Араб мемлекеттері лигасының Араб зерттеулері институтының басшылығы мәлімдеді.

Оның өкілдері бұл хабарды Қазақ­станның Мысырдағы елшісі Арман Иса­ғалиевпен ­кез­десу барысында жеткізді.

ALECSO кітаптарға өзінің логосын қою құқығын берумен қоса, оларды араб мемлекеттерінде үлестіруге қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас­тамашы болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында биыл «Заманауи қазақ әдебиеті жаһандық әлемде» атты жобасы бойынша қазақстандық 60 ақын-жазушының таңдалған шығармалары БҰҰ-ның ресми алты тіліне аударылып, басылып шыққалы отыр. Әрбір антологияның тиражы 10 мың данадан асып түседі.

Араб тіліне аударылған шы­ғар­малар жинағы 22 араб мем­лекетіндегі 5 мыңнан астам ірі университеттерге, кітапханаларға және зерттеу орталықтарына таратылады.

ALECSO – 1970 жылы 25 шіл­деде Каир қаласында құрыл­ған Араб мемлекеттері лигасының мекемесі. Штаб-пәтері Тунисте орналасқан.

Ұйымның мүшелерінің барлы­ғы – осы лигаға кіретін елдер.

ALECSO-ның негізгі мақсаты – араб мемлекеттері арасында білім, ғылым және мәдениет салаларында бірлікке қол жеткізу, әлемдік дамуға үлес қосу үшін араб елдеріндегі мәдениет деңгейін көтеру болып отыр.