Соғыс жылдарында Исатай Сүйбаев Қызыл әскер қатарында болған. Онда гурьевтік қазақ 293 атқыштар полкі, 1036-автоматшылар ротасында автоматшы еді.
1942 жылы десанттің танклі шабуылында ол өзінің ерлігімен көзге түсіп, абыройын асырды. Бір өзі сол шайқаста 182 сарбазды жеңген. Ұрыс үстінде аяқасты оның атар оғы таусылып қалды. Сонда Исатай Сүйбаев танкішілердің берген гранаталарын жауға лақтырып, 7 ДЗОТ-ты және 100-ден астам румын әскерін жер жастандырды.
Қанды шайқаста Исатай Сүйбаев жараланса да ұрыс алаңын тастамады. Керісінше, фронт командирімен бірге қайта шабуылға шығып, жауды күл-талқан етеді. Оның бұл ерлігін Үкімет полктің батырлығы деп санады. Сондықтан полк командирі майор Мамлеев «Ленин» орденімен марапаттады.