Алматы облысында әскери ұшақ апатты жағдайда қонды
Алматы облысында әскери ұшақ апатты жағдайда қонды
© Сурет ғаламтордан
197
оқылды
Әскери ұшақ Алматы облысы Жетіген ауылының аэродром аумағына бауырымен қонды. Аймақ әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмаған. [caption id="attachment_41088" align="alignnone" width="300"] width= © Куәгерлер түсірген сурет[/caption] "Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша әуежайға күшейтілген жедел жәрдем көліктері мен құтқарушылар жіберілді. Алайда ешкім зардап шекпегендіктен олардың көмегі қажет болмады. Бізге белгілі болғандай, ұшақ бауырымен сырғанап келіп қонған. Оның қонуына дейін ұшу-қону жолағы көбікпен өңделді. Қазір әуе кемесінің жолаушылары мен экипаждары қауіпсіз жерге көшірілді",-деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.