Ордабасы ауданында қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатты
Ордабасы ауданында қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатты
© Сурет ғаламтордан
363
оқылды
Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында қатты дауыл тұрып, үйлер мен қоралардың шатырын ұшырып кеткен. Аққойлы ауылында табиғи апаттан 17 үйге шығын келген Ауыл тұрғындар болса 2 мамыр күні түсте аспанда бұлт үйіріліп, алып құйын пайда болғанын айтады. Артынша дауыл тұрып, бар болғаны 5-10 минут аралығында жан-жақты қиратып кеткен. Тіпті желдің екпіні қатты болғаны соншалық, ағаштар тамырымен опырылып құлаған. Электр бағаналары құлап, сымдары үзілген. Жергілікті халық табиғаттың тосын мінезінен қатты қорқып, бас сауғалап кеткен. 60 отбасы тұратын аядай ғана ауылда 17 үйдің шатыры қирап, тұрғындар шығынға батқан. Олар бұл көрністі ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан. Ал, облыстық ТЖД мамандары желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен деп отыр.
«ТЖД басқару пультіне шамамен 15:00-де Аққойлы елдімекенінде қатты жел салдарынан 17 үйің шатырын ұшырып әкеткені туралы хабарлама келіп түсті. 420 тұрғыны бар ауылда 3 электр бағанасы құлап, жергілікті халық жарықсыз қалған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі таңда «Оңтүстік жарық» ЖШС қалпына келтіру мен жарық беру жұмыстарын жүргізуде» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қазіргі таңда аталған ауданда осы оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылған. Онда комиссия мүшелері табиғи апатттан келтірілген шығын көлемін есептеуде.