Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
© Сурет ғаламтордан
277
оқылды
Синоптиктердің болжауынша, 5 мамырда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды  Қазгидромет. Кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте қатты нөсер болады, шығыста жауын-шашын түседі. Еліміздің солтүстік бөлігінде антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Кей жерлерде найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, тұман түседі, оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе, түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.