Қостанай облысында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 4 мамыр күні болған. «Хонда» жеңіл көліігі Қостанай облысы арқылы Ақтөбе қаласына жол тартқан. Көлікті 29 жастағы Атырау тұрғыны басқарған.
«Қостанай-Қарабұтақ» тасжолының 334 шақырымында жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдағы «Камаз» жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан «Хонданың» жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды.
Минивэнде болған 29 жастағы тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар жол жөндеу жұмысында жүрген екі қызметкер зардап шекті. Олар да ауруханада жатыр. «Камаз» жүргізушісі жарақат алған жоқ»,- делінген полицияның ақпаратында.
Полиция департаменті азаматтардан жолда сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін бұзбауды ескертеді.