«Шындықты айтсам, еңбекқор ел екенімізді шетел білмейді» – Тоқаев
«Шындықты айтсам, еңбекқор ел екенімізді шетел білмейді» – Тоқаев
Фото: Интернеттен алынды
403
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар тәрбиесі, оларды еңбекке баулу жайында айтты. «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Тағы бір зор мақсат – елді еңбекке баулу. Шындықты айтсақ, шетелдерде халқымыз нағыз еңбекқор жұрт ретінде әлі таныла қойған жоқ. Бұл біздің беделімізге де едәуір нұқсан келтіреді. Қажырлы еңбектің арқасында ғана көп мәселені шешіп, мемлекетімізді дамытамыз, әл-ауқатымызды арттырамыз. Сондықтан еңбекке баулу жастарға тәрбие берудің негізгі бағыты болу керек деп санаймын. Бұл ұлттың болашағына тікелей ықпал етеді», – деді. Сондай-ақ Президент сұхбатында қазіргі ел ішіндегі әлеуметтік, экономикалық мәселелермен қатар, сыртқы саясат, мәдени құндылықтар туралы сөз қозғады.