«Арық қазып, батпақ тазалайтын техника жетпей жатыр» – Шөкеев аймақтардан көмек сұрады
«Арық қазып, батпақ тазалайтын техника жетпей жатыр» – Шөкеев аймақтардан көмек сұрады
Фото: Интернеттен алынды
400
оқылды
Бүгін Үкіметтің жиынында Түркістан облысындағы апат жайы талқыланды. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, Өзбекстан Мақтааралдағы барлық коллекорды тазалауға көмектеседі. «Жалпы, Өзбекстан тарапының мамандарымен тығыз байланыстамыз. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар өздерінің техникасымен кіріп, біздің бүкіл коллекторларды тазалауға көмектесетіндігіне келісім алып келдік. Біз тек шекарадан өтуге мүмкіндік беруіміз керек», – деді Өмірзақ Шөкеев. Әкімнің айтуынша, Мақтаарал ауданындағы елді мекендерге жерасты суы жақын орналасқан. Қызыл су ұзақ уақыт жатып қалу қаупі сейілген жоқ. «Сондықтан аталған елді мекендердің айналасынан үлкен арықтар қазып, суды сол арықтарға сорғыту үшін техника қажет болады. Осыған орай Экология министрлігімен бірігіп, республиканың барлық өңірінен мотопомпаларды, сорғыларды, ауыр техникаларды алдыру керек. Үкіметтен топан суды ағызу үшін техника жеткізіп беруге көмектесуін сұраймын. Әр өңір мүмкіндігіне қарай техника жіберсе, Мақтааралға көмек болатын еді»,– деді ол.