Даулы мәселені шешудегі заңнаманның тиімділігі
Даулы мәселені шешудегі заңнаманның тиімділігі
197
оқылды

Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері мен қағидалары жаңа талаптармен толтырылған. Әсіресе, дау­ларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі, сот отырысы кезіндегі татуласу рәсімдері туралы қағидалар тиімді қолданылған.

Жаңа процессуалдық заң тараптарға дауларды сотқа дейін реттеуге, осы дауды қыс­қа мерзім ішінде, аз ма­териал­дық және моральдық шығындармен шешуге мүм­кін­дік береді. Дауларды сотқа дейін және сот отырысы ке­зінде реттеудің процессуалдық жолдары ретінде заңда тату­ластыру рәсімдері, медиатор­лардың қатысуымен және сот жүргізетін медиацияны қол­дану, тараптар және адвокат­тардың қатысуымен партиси­пативтік рәсімдерді қолдану қағидалары қарастырылған.

Процессуалдық заңда азаматтық дауларды жеңіл­детілген іс жүргізу тәртібімен қараудың қағидалары толқ­тырылып, бұйрық шығару және жазбаша іс жүргізу ар­қылы кейбір санаттағы істерді шешудің жолдары өз шешімін тапқан.

Сондай-ақ Әділет ми­нистірлігімен «Төрелік ту­ралы» Заңының жобасы дайын­­далды. Заң жобасын әзір­леу төрелік пен аралық сот қызметін құқықтық рет­теу­дегі бірыңғай тәсілді қам­та­масыз ету мақсатында ар­найы екі заңды шоғыр­лан­ды­руға бағытталған. Осындай шо­ғырландыру дауларды соттан тыс шешу жүйесін ны­ғайту процесіне оң әсерін тигізеді.

Заң жобасының негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті да­мытуға қолайлы жағдай ту­ғызу, инвестиция тартуды ын­таландыру және де мем­лекеттік қызмет көрсету са­па­сын арттыру болып табылады.

Заң кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгі­лен­ген тәртіппен әрекетке қабі­летсіз немесе әрекетке қабі­леті шектеулі деп танылған адамдардың мүдделерін қоз­ғайтын, мүліктік қатынастарға байланысты емес жеке мү­ліктік емес қатынастарда туын­­дайтын, банкроттық және оңалту туралы, табиғи монополиялар субъекті­ле­рімен олардың тұтынушылары арасындағы дауларды қос­пағанда, барлық мүліктік дауды қарастырады.

 

Г.НЕСІПБЕКҚЫЗЫ,
Алматы қаласы Әділет департаментінің бас маманы