Сәрсенбі елімізде күн райы ашық болады, алайда жел күшейеді, – деп хабарлайды Қазгидромет.
6 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Республиканың батыс, оңтүстік және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, оңтүстікте қатты нөсер, шығыста түнде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте түнде және таңертен тұман түсуі мүмкін.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады, жел күшейіп, 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, желдың жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, күндіз кей жерлернде шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел кеүшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.