Теңізге ешкім кіріп-шықпайды – Атыраудың бас санитар дәрігері
Теңізге ешкім кіріп-шықпайды – Атыраудың бас санитар дәрігері
Фото: Интернеттен алынды
245
оқылды
Теңіз кен орнында 14 күнге дейін қосымша шектеу шаралары енгізілді. Ресми қаулыға Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиев қол қойды. Кен орнында COVID-19 белгілері бар адамдарға 300 орындық провизорлық стационар, сондай-ақ, вахталық ауылдарды карантиндік төсек-орындар дайындау керек. Кен орнының қызметіне қатысты көліктерден басқасына кіріп-шығуға тыйым салынды. Нақтысы, түнгі және Теңіз кен орнынан тұрғылықты жеріне дейін баратын қызметкерлер, сондай-ақ жүк тасымалдайтын жұмысшылар, медициналық бөлім қызметкерлері, өрт сөндіру, күзет, апат қызметі, күнделікті өмірге қажетті заттармен қамтамасыз ететін қызметкерлер, Рамазан айында ораза ұстағандардан басқа шектеу аумағы мен вахталық ауылдардың тұрғындары тек сағат 5.00-21.00 аралығында ғана жүре алады. Сонымен қатар, қаулыда жұмыстан тыс уақытта жұмысшылардың бірлесе отырып тамақ жеуіне және әңгімелесуіне тыйым салынды. «Атырау облысы полиция департаменті (...) карантин шараларын сақтауды (бөлмелер, қабаттардың арасындағы орналасуды) тұрғын блоктарында бейнебақылау камералары арқылы бақылау қамтамасыз етілсін. Карантин аумағын қоршап, вахталық ауылға ешкімді кіргізбеу, сондай-ақ рұқсаты жоқ адамдарды кіргізбеу керек» делінген Атырау облысы бас санитар дәрігерінің қаулысында. Теңіз кен орнында 71 адамның коронавирусқа шалдыққан соң, аумаққа карантин енгізілген болатын.