Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инге көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және Дунай өзеніндегі кеме апаты салдарынан жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл достас Корея Республикасы халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын» делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарын сабырға шақырып, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.