Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік бағдарламалар мен кадрлық қажеттілікті болжау негізінде 2025 жылға дейін 100 сұранысқа ие сервистік және индустриялық кәсіптер тізбесін әзірлеген екен. Оған жоғары білімді қажет ететін 35 сұранысқа ие мамандық және техникалық және кәсіптік білімді қажет ететін 65 мамандық енгізілді. Оның ішінде 10 жаңа мамандық бар.
Бәрінен бұрын IT мамандарға сұраныс жоғары екені анықталған. Сондай-ақ 3D модельдеу және толықтырылған нақтылық жөніндегі инженерлер, машинааралық оқыту жүйелері бойынша, жаңартылатын энергия көздері бойынша, өндірістің аддитивті технологиялары бойынша инженерлер, өндірісті автоматтандыру кезеңінде талап етілетін «ақылды қала» құрылысы, пилотсыз авиациялық жүйелер инфрақұрылымының сәулетшілері мен жобалаушылары және графикалық және мультимедиялық дизайнер мамандықтары бар.
2025 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық даму жоспары, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы жол» көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы, «Нұрлы жер» құрылысы, «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде өңдеу өнеркәсібі сияқты елімізде іске асырылатын стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша осындай мамандықтарға сұраныс артады.
Негізінен инженер мамандығына сұраныс жоғары. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету инженерлері және электроника инженерлері, 3D модельдеу және қосымша шындық инженерлері, өндірістің аддитивті технологиялары бойынша инженерлері, машинааралық оқыту жүйесі бойынша инженерлер керек-ақ. Геодезистер мен картографтар, кадастр және жерге орналастыру жөніндегі инженерлерге де қажеттілік бар. Сондай-ақ құрылыс саласының мамандары – бетон өңдеушілер, тегістегіштер, опалубщиктер, цементаторлар және өзге де бетоншылар, сылақ, ағаш ұсталары мен тас қалаушы мамандар жұмыссыз қалмайды.
Еңбек нарығы жыл сайын тарыла түскен заманда нағыз керекті мамандықты таңдаудың маңызы зор. «Жас маман» бағдарламасы аясында Қазақстанда 200-дей оқу орны жаңғыртылады. Сервистік және индустриялық мамандықтардың тізбесін ата-аналар мұқият бір қарап шықса, дұрыс болар еді.