Ынтымақтастыққа инновация септеседі
Ынтымақтастыққа инновация септеседі
5,422
оқылды

Қазақ-чех қарым-қаты­нас­тарының келешегі зор. Бұл туралы Мәжіліс спи­ке­рі Нұрлан Нығ­ма­ту­лин Чех Респуб­ли­касының Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкі­летті елшісі Рудолф Гикл­ді қабылдаған кезде айтты.

Тараптар екіжақты ықпал­дас­­­­тықтың, соның ішінде пар­ла­­­мен­таралық ынтымақ­тас­тық­тың өзекті мәселелерін талқы­ла­ды.

Мәжіліс төрағасы Чехия – Қа­зақ­станның Еуропадағы маңыз­ды әріптесі екеніне екпін тү­сі­ре келе, екі ел арасында бар­лық деңгейде белсенді байла­ныс жолға қойылған атап өтті. Сау­да-экономикалық және мә­дени-гуманитарлық қаты­настар қар­қын­ды өрістеуде.

Нұрлан Зайроллаұлы мұның бар­лығы, ең алдымен, Қазақ­станның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Чехия президенті Милош Земанның өзара түсіністікке негізделген бір­лескен жұмысының нәтижесі екеніне назар аудартты.

Өз кезегінде елші қазақ­стан­дық-чехиялық ынтымақ­тастық­тың барлық бағытта үдемелі түрде артып келе жатқанын тілге тиек етті. Еліміздің даму қарқынына жо­ғары баға берген Рудолф Гикл­­­дің байламынша, Қазақ­стан халықа­ралық қоғамдастық­қа өзі­нің әлеуеті зор екенін паш етті.

Мемлекеттеріміз арасын­дағы байланыстардың маңызды құ­рам­дас бөлігі ретінде парла­мен­та­ралық өзара іс-қимыл жайы­на тоқталған Н.Нығмату­лин қазақстандық депу­тат­тардың чехиялық әріптестерімен диалог­ты нығайтуға, соның ішінде заң шығарушылық тә­жі­рибемен алмасу үшін палатаның бейінді комитеттері мен ын­ты­мақтастық жөніндегі топтары деңгейінде қатысуға мүдделі еке­нін жеткізді.

Бұл ретте Мәжіліс спикері­нің байламынша, аграрлық және өнер­кәсіптік секторларын, ден­саулық сақтау, білім беру жүйелерін реформалау, туристік саланы дамыту тетіктерін зерде­леу практикалық ынта-ықылас тудырады.

Бұған қоса, серіктестікті да­мытудың перспективті бағыт­тары қатарында жаңғыратын қуат көздері және «жасыл тех­но­­логиялар» аталды. EXPO – 2017 көрме кешені негі­зін­де құ­рыл­ған Халықаралық жасыл тех­­но­­ло­гия­лар және инвес­тиция­лық жобалар орта­лы­ғы, сонымен қатар ІТ-стар­тап­тар халықара­лық технопаркі – инновация сала­сындағы қазақ-чех ынты­мақ­тастығын әрта­рап­тан­дыруға арналған алаң қыз­ме­тін атқара алады.

Нұрлан Нығматулин мен Рудолф Гикл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында, «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріп­тес­тік» тақырыбында өтетін Еу­ропа мен Азия елдері парла­мент­тері спикерлерінің IV кеңе­сіне чехия­лық парламент­ші­лердің қатысуы мәселелерін де талқыға салды.

Мәжіліс төрағасы екі ел де­пу­таттарының бірлескен жұ­мы­сы қазақстандық-чехия­лық қа­ты­настардың бар қырынан да­муына септесетінін нықтады.