Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Қарулы күштерінің өкілдері әскери атақ пен наградалармен марапатталды

Барыс Нұрлан
Мамыр 6, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
Қазақстан Қарулы күштерінің өкілдері әскери атақ пен наградалармен марапатталды
27
қаралым

Отан қорғаушы күні қарсаңында еліміздің қауіпсіздігін және бейбіт азаматтарды қорғауда тұрған адамдардың еңбегі еленді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзінің күнделікті жауынгерлік еңбегімен Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын және Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосқандар кезекті әскери атақтар, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

ҚР Президентінің «жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптар беру туралы» Жарлығымен «генерал-лейтенант» әскери атағы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Мұрат Бектановқа, Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевқа, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Сұлтан Камалетдиновке берілді. Сонымен қатар, ҚР Президентінің Жарлығымен 21 әскери қызметші мемлекеттік наградаларға ие болды.

Қылмысты ашуға  көмектескен 19 жастағы  азамат  марапатталды

«Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі кейінге қалдырылды

Ақтау қаласының әкімі көше сыпырушылардың еңбегін бағалап, ерекше құрмет көрсетті

Кәсіби мереке қарсаңында Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне құрмет көрсету рәсімі өтті. Жеке құрамдағы марапатқа ие болғандардың негізгі бөлігі рәсімге бейнебайланыс режимінде қатысты.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен 15 офицерге мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді, сегіз әскери қызметші «Ел қорғаны» ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Олардың ішінде Алматы қаласында патрульдеуге қатысу барысында кәсібилік танытқан екі курсант бар. Атап айтқанда, Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты Бахытжан Баратов, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Болат Ерсұлтан.

Қазақстан Қарулы күштерінің өкілдері әскери атақ пен наградалармен марапатталды

Сонымен қатар ҚР ҚМ Заң департаментінің бастығы «Заң саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жеке құрамды құттықтады.

«Біз Сіздермен жаңа әдістерді қолдана отырып, ондаған командалық-штабтық оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткіздік. Жедел дайындықтың маңызды шараларының бірі, ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының қатысуымен өткен «Айбалта» стратегиялық командалық – штабтық оқу–жаттығуы болды», – деп атап өтті ол.

Министр біздің контингенттер шетелде түрлі оқу-жаттығуларға қатысып, еліміздің аумағында да бірлескен іс-шаралар өткізгенін еске сала кетті.

«Бітімгершілік қызметінде маңызды қадам жасалды. Қазіргі Қарулы Күштер тарихында алғаш рет біз «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін дербес бітімгершілік бөлімшені жібердік. Мен Иракта, Ауғанстанмен шекарадағы Тәжікстанда, Кот-д-Ивуарда, Батыс Сахарада және Непалда бірқатар миссияларды орындауға қатысқан сіздердің барлықтарыңызға ризашылығымды білдіремін», – деді Ермекбаев.

Қазақстан Қарулы күштерінің өкілдері әскери атақ пен наградалармен марапатталдыСондай-ақ Арыс қаласында ТЖ салдарын жою бойынша да белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Министр өз құттықтауында биылғы жылы Отан қорғаушылар күні ел тарихында алғаш рет төтенше жағдай енгізілген ерекше жағдайларда атап өтілетіндігін атап өтті. Ол мыңдаған әскери қызметші коронавирустың таралуын болдырмау бойынша қажетті шараларды қамтамасыз ете отырып, өз борышын абыроймен атқаратынына назар аударды. Сонымен қатар олар жарғыларда да, лауазымдық нұсқаулықтарда да жазылмаған маңызды нәрселерді өз денсаулығына қауіп төндіре отырып орындайды.

«Қарулы Күштердің әскери қызметшілері бүкіл ел бойынша мыңдаған нысандар мен ондаған миллион шаршы метрге дезинфекция жүргізді, блокбекеттерде қызмет атқарып, патрульдеу жүргізді, жүздеген отандастарды эвакуациялады және шет елден гуманитарлық көмек көрсетті. Қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы жоғары дайындық деңгейін көрсеткен барлық әскери-медициналық мекемелер жұмылдырылды», – деп атап өтті министр.

Бұл ретте жүздеген әскери қызметшілер өз міндеттерін үйінен мыңдаған шақырым жерде, далалық жағдайында орындады.

«Осы қиын-қыстау кезеңде біздің жауынгерлеріміздің жоғары кәсібилігі, борышқа адалдығы, әскери бауырластық және өзара көмек көрсету сияқты қасиеттері айқын көрінді. Қарапайым адамдар үшін бұл ауыр сынақ болса, ал әскери қызметшілер үшін бұл кезекті жаттығу», – деді Нұрлан Ермекбаев.

Қорғаныс ведомствосының басшысы қиын уақытта ел мен халықтың мүдделері үшін әскери қызметші болуға арнайы жиындарға шақырылуға өз еркімен ниет білдірген бірнеше мың жастармен мақтана алатын ойымен бөлісті.

Қорғаныс министрі жеке құрам мен отбасыларын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан Қарулы күштерінің өкілдері әскери атақ пен наградалармен марапатталды

«9 мамырда адамзат нәсіліне, дініне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бейбітшілік пен теңдік құқығы үшін соғысты жеңіп алды. Ата-бабалардың ерлігі әрқашан жадымызда сақтады. Олар Отанымызға тәуелсіздік, ал ұрпақтарына бейбіт аспанды өсиет еткен.

Біздің ортақ міндетіміз – Тәуелсіз Қазақстан тарихында осындай оқиға ешқашан қайталанбауы үшін, біздің халқымыз бен болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін сақтауға күн сайын көмек көрсету», – деді министр.

 

 
Тегтер: кәсіби мерекеҚорғаныс министрлігімарапатНұрлан ЕрмекбаевОтан қорғаушылар күні
Алдыңғы жаңалық

Birgemiz қорынан зейнеткерге азық-түлік және 50 мың теңге көмек көрсетілді

Келесі жаңалық

Алматылық ардагерлер ардақталды

Ұқсас жаңалықтар

Азамат Мұсағалиев
Жаңалықтар

Азамат Мұсағалиев Қазақстанның бір қаласын әзілге қосты

Қаңтар 19, 2021
коронавирус
Жаңалықтар

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 2021
бала
Әлеумет

Балаға тіпті « тәйт» деуге де болмай ма?

Қаңтар 19, 2021
коронавирус
Жаңалықтар

Коронавирус: Нұр-Сұлтандағы ауруханалар 80% толы

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Азамат Мұсағалиев Қазақстанның бір қаласын әзілге қосты

Қаңтар 19, 08:24

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 08:10

Балаға тіпті « тәйт» деуге де болмай ма?

Қаңтар 19, 08:00

Коронавирус: Нұр-Сұлтандағы ауруханалар 80% толы

Қаңтар 19, 07:51

Бейнетінің зейнетін көрмей жүр

Қаңтар 19, 07:30

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қаңтар 19, 07:02

Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған

Қаңтар 19, 07:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Азамат Мұсағалиев

Азамат Мұсағалиев Қазақстанның бір қаласын әзілге қосты

Қаңтар 19, 2021
коронавирус

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»