Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев коронавирус тестінің бағасы неліктен әртүрлі екенін түсіндірді.
«ПЦР-тестілеудің бағысына тоқталайын. Ол тест жүйесінен тұрады. Оған реагенттер, тасымалдау құралдары, РНҚ-ның бөлінуі, құрал-жабдықтар, жалға алу орны, қызметкерлер, зертханашы, олардың киім-кешектерінің ақысы кіреді. Мұның бағасы коронавирусқа тестінің өзіндік құнына кіреді», – деді Арнұр Нұртаев.
Ол СОVID-19 вирусына тест тапсырудың бағасына тоқталды.
«Егер мемлекет тестілеудің төменгі бағасын 11 мың теңге деп белгілесе, ал жеке зертханалар белгілі бір талаптармен шектелмейді. Олар кез келген бағаны қоюы мүмкін. Менің білуімше, жеке зертханалар бағаны төмендетіп жатыр. Себебі, тест тапсырғысы келетін адамдардың саны өсіп жатыр», – дейді бас директор.