«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы «Алашқа тағзым» акциясын өткізді. Партия басшылығы, «Ақ жол» партиясының депутаттары, үміткердің сенімді өкілдері «Алаш» қайраткерлері мен қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының портреттерімен репрессия құрбандарының ескерткішіне барды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ақ жол» акциясы «АЛЖИР» мемориалды кешені мен аштық құрбандарының ескерткішінің алдында өтті. Ақмола лагерінде 18 мыңнан астам әйел болған. Олардың көбі лагердің ауыр зардабына шыдай алмай, сол жерде қайтыс болған.
Акция аштық құрбандары ескерткіші алдында жалғасты. «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейханның дерегінше, аштықтың салдарынан 1924 жылғы 6,47 млн қазақтан 1937 жылы 2,1 млн қазақ қана қалған. «Алаштың» арқасында Қазақстан қазіргі шекарасын сақтап қалып отыр. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков сынды азаматтар қазаққа тиесілі Қазақстанның шекарасын белгіледі. Біз қаһармандарымызды білуіміз керек. Репрессия жылдарындағы қазақ элитасының жойылуы – бүкіл халықтың трагедиясы. Үміткеріміз Дания Еспаева өз бағдарламасында тәуелсіздік, Қазақстанның ұлттық құндылықтарына құрмет мәселелеріне аса назар аударған. Біз тарихымыздың қайғылы оқиғаларын жадымызда ұстап, болашаққа қадам жасауымыз керек. Бүгін осы жерге көптеген жастар жиналып отыр. Бұл – қуантарлық дүние», – деді ақжолдық Әзиз Қожамбетов.
Алматыда үгіт-насихат жұмыстары шеңберінде Дания Еспаеваны қолдау мақсатында веложарыс ұйымдастырылды. Шараға «Вело-халық Алматы» және №73 жасөспірімдер мен балаларға арналған AppleTeam and спорт метебінің жеткіншектері қатысты. Ал Орал қаласында Д.Еспаеваның штабы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байдарка және каноэда ескек есуден Орал ашық біріншілігін өткізді. Турнирге Түркістан, Алматы, Шымкент, Теміртау, Атырау және Орал қалаларынан келген 120-дан астам адам қатысты.
Айдана БЕГІМ