Алашқа тағзым
Алашқа тағзым
476
оқылды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ақ жол» акциясы «АЛЖИР» мемориалды кешені мен аштық құрбандарының ес­керткішінің алдында өтті. Ақмола лагерінде 18 мыңнан астам әйел болған. Олардың көбі лагердің ауыр зардабына шыдай алмай, сол жерде қайтыс болған.

Акция аштық құрбандары ескерткіші алдында жалғасты. «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейханның дерегінше, аш­тықтың салдарынан 1924 жылғы 6,47 млн қазақтан 1937 жылы 2,1 млн қазақ қана қалған. «Алаштың» арқасында Қазақстан қазіргі шекарасын сақтап қалып отыр. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков сынды азаматтар қазаққа тиесілі Қазақстанның шекарасын белгіледі. Біз қаһарман­дарымызды білуіміз керек. Репрессия жылдарындағы қазақ элитасының жойы­луы – бүкіл халықтың трагедиясы. Үміт­керіміз Дания Еспаева өз бағ­дар­лама­сында тәуелсіздік, Қазақстанның ұлт­тық құндылықтарына құрмет мәсе­лелеріне аса назар аударған. Біз тарихы­мыздың қайғылы оқиғаларын жадымызда ұстап, болашаққа қадам жасауымыз ке­рек. Бүгін осы жерге көптеген жастар жи­налып отыр. Бұл – қуантарлық дү­ние», – деді ақжолдық Әзиз Қожамбетов.

Алматыда үгіт-насихат жұмыстары шеңберінде Дания Еспаеваны қолдау мақсатында веложарыс ұйымдас­тырылды. Шараға «Вело-халық Алматы» және №73 жасөспірімдер мен балаларға арналған AppleTeam and спорт метебінің жеткіншектері қатысты. Ал Орал қала­сында Д.Еспаеваның штабы Халық­ара­лық балаларды қорғау күніне орай бай­дарка және каноэда ескек есуден Орал ашық біріншілігін өткізді. Турнирге Түркістан, Алматы, Шымкент, Теміртау, Атырау және Орал қалаларынан келген 120-дан астам адам қатысты.


Айдана БЕГІМ