Қазақстан қорғанысының құны – 590 миллиард теңге...
Қазақстан қорғанысының құны – 590 миллиард теңге...
Фото: Интернеттен алынды
250
оқылды
Қазақстан  әскер қуатын арттыруға ел қазынасынан қомақты қаржы жұмсалып келеді.  Мысалы биыл Қазақстан қорғаныс саласына республикалық бюджеттен 590 млрд 634 млн теңге бөліп отыр. Бұл осы жылдың 8 сәуірінде нақыланған Республикалық бюджеттегі цифр. Коронавирус инфекциясы мен мұнай бағасының құбылуына байланысты туындаған экономикалық дағдарысқа байланысты биыл сәуірде республикалық бюджетке түзетулер енгізілді. Биыл қорғаныс саласына бөлінген қаржы биыл Қорғаныс, Ішкі істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне бөлініп берілді. Мысалы, Қорғаныс министрлігі  бұл қаржының 312 млрд теңгеден астамын  алады. Оның  310 миллиардын Қарулы Күштердің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге жұмсайды. Қалған 2 млрд 451 млн теңге қорғанысты және қарулы күштерді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау мен іске асыру жөніндегі қызметтерге бағытталады. Таратып айтсақ, министрлік қызметкерлерінің жалақысына, министрлік жұмысын ұйымдастыру шығындардың орнын жабуға жұмсалады. 84 млрд теңге Ішкі істер министрлігіне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметті ұйымдастыру үшін беріледі. Ал 193 млрд теңгеден астам қаржы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін бағытталады. Айта кетейік, осыдан 5 жыл бұрын еліміздің қорғаныс саласына 422 млрд теңге бөлінген екен. Қорғаныс министрлігі осы қаржыдан 375 млрд теңге, ал Ішкі істер министрлігі 46 млрд теңге алған.