Кәсіпкерлер арасында табысы бойынша шаштараздар алға шықты
Кәсіпкерлер арасында табысы бойынша шаштараздар алға шықты
Фото: Интернеттен алынды
416
оқылды
4 мамырда қызметі қалпына келтірілген салалар екі күннің ішінде оң нәтиже көрсете бастады. Соның ішінде елдегі шаштараз саласындағы ақша айналымы 52,3 млн теңгені құрады. Екі күнде 15 мың адам шаштараз қызметіне жүгінген. Бір чектегі орташа табыс 3,5 мың теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттік кірістер комитеті халыққа шаштараз және сұлулық салоны қызметін көрсету саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге тіркелген онлайн бақылау-касса машиналарының ақпаратына талдау жүргізді. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап елімізде шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметі (алдын-ала жазылу бойынша шаш қию) қайта жанданған болатын. Шаштараздар табысы бойынша алдыңғы орынға 2 күнде 1,7 млн теңге кіріс кіргізген Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкері шықты. Екінші орында –табысы 1,4 миллион теңгені құраған Алматы қаласының кәсіпкері, ал үшінші орында – Шымкент қаласының кәсіпкері, оның екі күндегі табысы 1,3 миллион теңгені құрады.