Елге қайғы-қасірет әкелген жылдар
Елге қайғы-қасірет әкелген жылдар
© Сурет интернеттен алынды
297
оқылды
Ұлы Отан соғысы жылдарында 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды. Абжай Салиев те «Сталинград қорғанысы үшін» медалін иеленді. Аға лейтенант Абжай Салиев 1916 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Сол бір сұрапыл соғыста ол 151-танкілі полктің танк командирі болды. Со жылдары Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. Сондай ұрыстың бірі – 1944 жылы 30 маусымдағы Слунцк қаласындағы шайқас. Сонда аға лейтенант Случь өзеніндегі көпірді бірінші кесіп өтіп, жау сабында түсінбеушілік туғызды. Сөйтіп, алдында тұрған жаумен бетпе-бет келді. Ашық айқасқа түскен ол, қарсыласы қалағандай артқа шегінбеді. Керісінше, Абжай Салиев әскер толысқанға дейін танкісін орнынан тапжылтпады. Ұрыс үстінде 30-дан аса немістің көзін құртып, екі пулеметтің орнын жойып жіберді. Бұл шайқас Мир қаласына дейін жалғасты. Ал бұл дегеніміз - арттағы біздің әскердің келуіне жол ашты. Тіпті, жол ортада оған әуеден оқ атылып, танкісі отқа оранады. Абжай Салиев саспастан өртті құммен өшіріп, әскердің келуін күткенң бар.