Ауылда некелесу саны азайып, ажырасу көбейді
Ауылда некелесу саны азайып, ажырасу көбейді
Фото: Интернеттен алынды
261
оқылды
Соңғы уақытта ауылда да некелесетіндер азайып, ажырасатындар көбейген, – деп хабарлайды AstanaTV. Биыл 41 мың неке қиылса, оның 16 мыңға жуығы ажырасқан. Телеарнаның зерттеуінше, 2018 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 15 пайызға жоғары. Қалаға келетін болсақ, ажырасу бойынша 44 мың дерек тіркелген. Жылдық өсім көрсеткіші – 7,2 пайыз. Жалпы, ел аумағында 3 айда 139 мың неке қиылған. Оның басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысына тиесілі. Үшініші орында – Түркістан облысы. Ажырасу көрсеткіші бойынша да, Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр. Олардың қатарын Қарағанды облысы қорытындылайды.