Сұрапыл жылдар...
Сұрапыл жылдар...
© Сурет интернеттен алынды.
315
оқылды
1941-1945 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы қазақ халқының өмірінде де үлкен таңба қалдырды. Зұлмат жылдарда елді жаудан қорғау үшін Қазақстаннан жалпы есебі 1 миллионнан аса жауынгер аттанған. Соның бірі – Әли Сұлтанов. Өзі алматылық, 1904 жылы туған. Әскерде Гомельдік 96-атқыштар дивизиясының 331-атқыштар полкінің құрамында болды. Оның ел аузында жүрген ерлігі – 1944 жылдың 1-6 ақпан айындағы ұрыс. Полес облысы Паричестік ауданына қарайтын Корм және Цирибуллин елді мекендерін басып кіріп, жаудан жерін қорғап қалу еді. Цирибулин ауылына 800 метрдей қалғанда біздің атқыштар ротасы жаудың жойқын тойтарысына тап болды. Сол кезде Әли Сұлтанов «Отан үшін алға!» деп ротадағы барлық офицерді бастап жауға ұрысқа түседі. Ақыр соңында қатарында 6 адам ғана қалады. Соған қарамастан артқа шегінбей, әскер келгенше орындарын беріспейді. Бұл біздің әскердің алға жылжуына мүмкіндік берген екен.